Жаңа технологияларды енгізу – өсімдік шаруашылығының дамуында табысты кепілі.

Бородулиха ауданы жер ресурстарының айтарлықтай әлеуетіне ие, Шығыс Қазақстан облысының ірі агроөнеркәсіптік аудандарының бірі болып табылады. Ауданның негізгі байлығы оның адамдары мен қазба байлықтары және құнарлы қасиеттеріне бай жер болып саналады. Бородулиха ауданы облысының егіс алқабының 30%  құрайтыны да кездейсоқ емес.

Бородулиха аудандық мәслихатының 5 және 6 шақырылымдардың депутаты агроөнеркәсіп кешені, экология, қоршаған ортаны және табиғи ресурстарды тиімді пайдалану мәселелері жөніндегі тұрақты комиссияның мүшесі бола отырып, аудандық мәслихаттың өткізетін барлық іс – шараларына қатысамын. Ауыл шаруашылығы құралымдарының  көктемгі егіс жұмыстарына байланысты дайындық барысы, аудан бойынша ветеринариялық – профилактикалық іс – шараларды орындау, су тасқынына қарсы іс шараларды өткізу мәселелері отырыстарда мен және менің әріптестеріммен талқыланып қарастырылды, отырыс қорытындысы бойынша ұсыныстар пысықыталды нақты орындау мерзімдері белгіленді. Мысалы, ауыл шаруашылығы бөліміне ауыл шаруашылығы құрылымдарымен көктемгі егіс жұмыстарын жүргізу, ауыл шаруашылығы техникасының дайындығына күнделікті мониторинг жүргізу, егіс науқанын оңтайлы ғылыми негізделген мерзімде жүргізу, ауыл шарруашылығы  малбасы  мен құстарды одан әрі көбейту, сондай – ақ мал шаруашылығы өнімдері өндірісінің  тұрақты өсуі жөніндегі жұмысты жалғастыру бойынша іс-шаралардың уақытылы орындалуын және ұйымдастыру туралы ұсыныс берілді.Біздің ауданымыз аграрлық бағытқа жататынын ескере отырып, ауыл шаруашылығы шикізатын, атап айтқанда, дәнді дақылдарды қайта өңдеу үшін инвесторларды тарту , іске асыру бойынша жұмысты жандандыру ұсынылды.

Бүгінде Республикамыздағы аграрлық саясаттың маңызды басымдықтарының  бірі - өндірістік қуаттарды дамыту және жаңғырту, шаруашылық жүргізудің жаңа технологияларын енгізу екені ешкімге құпия емес. Бәсекеге қабілетті болу арзан бағамен сапалы өнім шығару - қазіргі әлемде кез-келген кәсіпорынның міндеті.

Кәсіпорын басшысы ретінде өнімділік пен экспорттың  үлкен әлеуеті бар жаңа ауыл шаруашылығы дақылдарын енгізуге көп көңіл бөлемін. Алаңдағы барлық жұмыстарды ылғалды сақтау технологияларын қолдана отырып, жүргізуге тырысамыз, жыл сайын заманауи құрал – жабдықтар және техникалар сатып аламын. Бұл еңбек жағдайын, оның өнімділігін жақсартуға мүмкіндік береді, өндіріс жылдамдығы мен сапасына әсер етеді.

Биыл короновирустық пандемияға көптеген  кәсіпорындардың жұмысына түзетулер енгізілді. Облыс және аудан жолдарында блок бекеттер орнатылған. Бірақ жасыл дәліздердің арқасында Бородулиха ауданындағы диқандар үшін көктемгі дала жұмыстары уақытында жүргізілді. Бізге АӨК қызметкерлер үшін егістік жұмыстарын оңтайлы мерзімде жүргізу маңызды  болды.

Агроөнеркәсіптік кешенді дамытуда мемлекет тарапынан ауыл шаруашылығы  құрылымдарын қолдау үлкен рөл атқарады, елбасы Қасым – Жомарт Тоқаев дағдарысқа қарсы шаралар пакетін ұсынды, соның ішінде ауыл шаруашылығы өндірушілеріне жан – жақты қолдау көрсетуді, сондай – ақ  агротехникалық іс – шараларды мерзімінде өткізуді тапсырды.

Ауыл шаруашылығы саласын қолдауға ағымдағы жылы 48,6 млрд теңге бөлінді, бұл өткен жылдың деңгейінен 23% -ға артық және өз нәтижесін берді.

ЖШС ұжымы жақсы өнім өсіріп, күзгі дала жұмыстарын толық көлемде ауа райының қолайсыздығына қарамастан жүргізе алды. Бүгінгі күні дәнді және майлы дақылдарды жинау аяқталды.

Ауыл шаруашылығы жылы аяқталды - бұл біз үшін маңызды оқиға.

Атқарылған жұмыстардың қорытындысын  шығару, одан әрі даму мен алға жылжудың мүмкіндіктерін анықтау кезеңі басталды.

Қазір біз қиын уақытты бастан кешіріп жатырмыз, бірақ өзімізді ғана емес, өз отбасымызды, жақындарымызды, туған - туыстарымызды және айналамыздағы барлық адамдарды да ойлауымыз керек. Бір - бірлеріңізді құрметтеңіздер және қорғаңыздар. Тұрақтылық пен келісімді сақтай отырып, біз барлық қиындықтарды  жеңеміз.

Құрматті әріптестер, осы жағдайды пайдалана отырып, кәсіби мереке - Ауыл шаруашылығы қызметкерлері күні қарсаңында, барлық  АӨК қызметкерлеріне жаңа заманауи технологиялар негізінде табандылық, жеңіл еңбекте табыс, ең бастысы сіздерге және жақындарыңызға мықты денсаулық тілеймін.

 

 

Аудандық маслихат депутаты                                                                    Т.Оразаев

 

Маслихаттың шешiмi