Аудандық мәслихаттың кезекті елу алтыншы сессиясы өтті

2020 жылғы 25 желтоқсанда Бородулиха аудандық мәслихатының депутаты - В.А.Мокроусованың төрағалығымен аудандық мәслихаттың кезекті LVI сессиясы өтті.

«2021-2023 жылдарға арналған аудандық бюджет туралы» күн тәртібінде экономика және бюджеттік жоспарлау бөлімінің басшысы А.С. Жемағуловтың  ақпараты тыңдалды, «2020 жылғы жұмыс қорытындылары туралы» Бородулиха аудандық мәслихатының хатшысы - У.Т.Майжановтың есебі тыңдалды, аудандық мәслихаттың 2021 жылға арналған жұмыс жоспары бекітілді, сондай-ақ сессия жұмысы шеңберінде аудандық ардагерлер кеңесінің төрағасы О.К.Байжановқа «Бородулиха ауданының Құрметті азаматы» атағы берілді.

Кезекті LVI сессия жұмысының соңында депутаттық қызмет саласындағы көпжылдық, жемісті, адал еңбегі үшін VI шақырылым депутаттары Бородулиха ауданының әкімі К. К. Бичуиновтың және аудандық мәслихаттың хатшысы У.Т.Майжанов алғыс хатпен марапатталды.

«Әр түрлі» бөліміндегі мәселелер бойынша тиісті шешімдер қабылданды.