2021 жылғы 14 қаңтарда VII шақырылған аудандық мәслихаттың бірінші сессиясы өтті. Сессия жұмысына Бородулиха ауданының әкімі-Бичуинов Кинугул Кашкенович қатысты. Сессияны Бородулиха аудандық аумақтық сайлау комиссиясының төрағасы Харченко Сергей Робертович ашып, VII шақырылған Бородулиха аудандық мәслихатының жаңадан сайланған депутаттарына төсбелгілер мен куәліктерді табыс етті. Одан кейін депутаттарды аудан әкімі құттықтап, депутаттық қызмет саласындағы көп жылғы, жемісті, адал еңбегі, белсенді азаматтық ұстанымы, сондай-ақ ауданның саяси, әлеуметтік-экономикалық және мәдени дамуына қосқан елеулі үлесі үшін аудандық мәслихаттың IV, V, VI шақырылымдарының депутаты Ежова Валентина Михайловнаға Қазақстан Республикасы Парламенті Сенаты Төрағасының Алғыс хатын табыс етті. Сессия жұмысы аясында аудандық аумақтық сайлау комиссиясы төрағасының «VII шақырылған Бородулиха аудандық мәслихаты депутаттарының кезекті сайлауының қорытындылары туралы» ақпараты тыңдалды, бірінші сессияның регламенті бекітілді. Бірінші сессияның төрайымы болып аудандық мәслихаттың депутаты Виктория Анатольевна Мокроусова сайланды. Депутаттардың бірауыздан шешімімен VII шақырылған аудандық мәслихаттың хатшысы - Майжанов Уәлихан Төкенұлы сайланды. Аудандық мәслихаттың үш тұрақты комиссиясының сапалық және сандық құрамы бекітілді. Қаралған барлық мәселелер бойынша тиісті шешімдер қабылданды.
|
VII шақырылған аудандық мәслихаттың бірінші сессиясы өтті.
Маслихаттың жаңалығы
- Ауданның Қоғамдық кеңесінің кезекті отырысы өтті.
- Бородулиха ауданы Жерновка ауылдық округі әкімінің сайлауы
- Біздің депутаттардың кредосы - қалыптастыру!
- VII шақырылған Бородулиха аудандық мәслихатының кезектен тыс үшінші сессиясы өтті
- VІI шақырылған Бородулиха аудандық мәслихатының депутаттары мен аудан тұрғындарының НАЗАРЫНА!
Маслихаттың шешiмi
- 2021-2023 жылдарға арналған Бородулиха ауданы Таврия ауылдық округінің бюджеті туралы
- 2021-2023 жылдарға арналған Бородулиха ауданы Степной ауылдық округінің бюджеті туралы
- 2021-2023 жылдарға арналған Бородулиха ауданы Подборный ауылдық округінің бюджеті туралы
- 2021-2023 жылдарға арналған Бородулиха ауданы Петропавловка ауылдық округініңбюджеті туралы
- 2021-2023 жылдарға арналған Бородулиха ауданы Переменовка ауылдық округінің бюджеті туралы