Ақпарат

1 наурыздағы қалың қар мен боранның салдарынан көшелер мен жолдарды қар басып қалды, барлық тұрғындар қар құрсауында болды.

Ауданның коммуналдық қызметтерінің барлық техникасы қар кептелісін тазалауға шықты. Аудандық мәслихат депутаттары Оразаев Талғат Айтқазыұлы Бородулиха ауылындағы мектепке және балабақшаға тазалау үшін техниканы ұсынса, Кудушев Айтуған Ғабдулғазизұлы Новопокровка, Жерновка, Камышенка ауылдарындағы орталық жолдар мен елді мекендердің көшелерін және оларға іргелес жатқан ауылдарды тазалау үшін техниканы ұсынды. Депутаттар кез келген қалыптасқан жағдайда бей-жай қалмайды және жыл сайын қысқы уақытта, су тасқыны қаупі бар кезеңде, сондай-ақ қажет болған кез келген уақытта жолдарды тазалауға қажетті көмек көрсетеді.

 

 

 

 

Маслихаттың шешiмi