Бородулиха ауданы бойынша бейбіт жиналыстарды ұйымдастыру және өткізу үшін арнайы орынды, оны пайдалану тәртібін, шекті толу нормаларын, оны материалдық-техникалық және ұйымдастырушылық қамтамасыз етуге қойылатын талаптарын, пикеттеуді өткізуге тыйым салынған іргелес аумақтардың шекараларын анықтау туралы

Бородулиха аудандық мәслихатының 2020 жылғы 25 қыркүйектегі  № 53-9-VI«Бородулиха ауданы бойынша бейбіт жиналыстарды ұйымдастыру және өткізу үшін арнайы орынды, оны пайдалану тәртібін, шекті толу нормаларын, оны материалдық-техникалық және ұйымдастырушылық қамтамасыз етуге қойылатын талаптарын, пикеттеуді өткізуге тыйым салынған іргелес аумақтардың шекараларын анықтау туралы» шешіміне өзгерістер енгізу туралы

Қазақстан Республикасының 2016 жылғы 6 сәуірдегі «Құқықтық актілер туралы» Заңының 26-бабына, Қазақстан Республикасының 2001 жылғы  23 қаңтардағы «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Заңының 6-бабы 1-тармағының  15) тармақшасына сәйкес, Бородулиха аудандық мәслихаты ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:

1. Бородулиха аудандық мәслихатының 2020 жылғы 25 қыркүйектегі  № 53-9-VI «Бородулиха ауданы бойынша бейбіт жиналыстарды ұйымдастыружәне өткізу үшін арнайы орынды, оны пайдалану тәртібін, шекті толу нормаларын, оны материалдық-техникалық және ұйымдастырушылық қамтамасыз етуге қойылатын талаптарын, пикеттеуді өткізуге тыйым салынған іргелес аумақтардың шекараларын анықтау туралы» (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде 7619 нөмірімен тіркелген, Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің электрондық түрдегі Эталондық бақылау банкінде 2020 жылғы 8 қазанда, «Аудан тынысы», «Пульс района» аудандық газеттерінде 2020 жылғы 6 қазанда жарияланған) шешіміне мынадай өзгерістер енгізілсін:

көрсетілген шешімнің 1-қосымшасы осы шешімнің 1-қосымшасына сәйкес жаңа редакцияда жазылсын;

көрсетілген шешімнің 2-қосымшасы осы шешімнің 2-қосымшасына сәйкес жаңа редакцияда жазылсын;

көрсетілген шешімнің 3-қосымшасы осы шешімнің 3-қосымшасына сәйкес жаңа редакцияда жазылсын;

көрсетілген шешімнің 4-қосымшасы осы шешімнің 4-қосымшасына сәйкес жаңа редакцияда жазылсын.

2. Осы шешім оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

 

Маслихаттың шешiмi