VII шақырылған аудандық мәслихаттың кезекті төртінші сессиясы өткізілді

2021 жылғы 29 наурызда аудандық мәслихаттың депутаты - К.С. Әпеновтың төрағалығымен You Tube каналында тікелей трансляция режимінде аудандық мәслихаттың кезекті IV сессиясы өтті.

Сессия жұмысына Бородулиха ауданының әкімі - Кинуғул Кашкенұлы Бичуинов, Шығыс Қазақстан облысы тексеру комиссиясының мүшесі - Дархан Амангельдіұлы онлайн режимінде қатысты. Аудан әкімінің орынбасарлары, әкім аппаратының басшысы, дербес бөлімдердің басшылары, бұқаралық ақпарат құралдарының өкілі шақырылды.

Шығыс Қазақстан облысы бойынша, тексеру комиссиясының Бородулиха ауданының 2020 жылға арналған жергілікті бюджетінің атқарылуы туралы есебін бекіту туралы мәселе бойынша Шығыс Қазақстан облысы тексеру комиссиясының мүшесі - Дархан Амангелдіұлы сөз сөйледі, 2020 жылға арналған аудандық бюджеттің атқарылуы туралы Бородулиха ауданының қаржы бөлімінің басшысы - Юлия Валерьевна Сутормина есеп берді, Бородулиха ауданының 2016-2020 жылдарға арналған аумақтарды дамыту бағдарламасын іске асыру қорытындылары туралы Бородулиха ауданының экономика және бюджеттік жоспарлау бөлімінің басшысы -  Арман Серканович Жемағулов Бородулиха ауданының аумағында су тасқынына қарсы іс - шараларды ұйымдастыру және өткізу туралы Бородулиха ауданының төтенше жағдайлар бөлімі бастығының орынбасары, азаматтық қорғау майоры - Әлібек Қабылбекұлы Өмірбеков хабардар етті.

Қаралған мәселелер бойынша, аудандық мәслихаттың шешімдері нақты ұсыныстармен қабылданды.

 

 

Маслихаттың шешiмi