Аудандық мәслихаттың тұрақты комиссияларының бірлескен отырысы.

2021 жылғы 29 наурызда VII шақырылған аудандық мәслихаттың тұрақты комиссияларының бірлескен отырысы өтті.

Отырысқа аудандық мәслихаттың хатшысы – Уәлихан Төкенұлы          Майжанов, аудандық мәслихаттың депутаттары-тұрақты комиссиялардың  төрағалары мен мүшелері, дербес бөлімдердің басшылары, бұқаралық ақпарат құралдарының өкілдері қатысты.

«ҚР ДСМ КСК ШҚО ССК Бородулиха аудандық санитарлық - эпидемиологиялық бақылау басқармасының басшысы - Р.М.Бозаева  коронавирустық инфекцияны жұқтырудың алдын алуды, вирусты тасымалдаушыларды ерте анықтауды, тиімді емдеуді, зертханалық тексеруді,  науқастар мен байланыста болған адамдарды оқшаулауды көздейтін шаралар   кешенін іске асыру барысы туралы» мәселе бойынша баяндама жасады.

Соңында Рәзия Мұратқызы депутаттар қойған сұрақтарға жауап берді, медициналық-әлеуметтік мекемеде қабылданған санитарлық -  эпидемиологиялық шаралар туралы, қызмет алушылар арасында  коронавирустық инфекцияның таралуын болдырмау үшін, негізінен, егде  жастағы адамдар туралы түсіндірді, жиналғандарға пандемияның таралуы   кезеңінде белгіленген барлық шектеу шараларын сақтау қажеттілігі бойынша халық арасында ақпараттық-түсіндіру жұмыстарын жалғастыру туралы жүгінді.

Бородулиха ауданының қаржы бөлімінің басшысы - Ю. В. Сутормина «2020 жылға арналған аудандық бюджеттің атқарылуы туралы    есеппен сөз сөйледі, Бородулиха аудандық мәслихатының 2020 жылғы 25  желтоқсандағы №56-5 VI «2021-2023 жылдарға арналған аудандық  бюджет туралы» шешіміне өзгерістер енгізу туралы» экономика және бюджеттік жоспарлау бөлімінің басшысы - А.С.Жемағулов тыңдалды.

Сөз сөйлеу қорытындысы бойынша аудандық мәслихат депутаты - У.М. Эфендиев Бородулиха ауылындағы ҚТҚ полигонына ерекше назар аударуға  ұсыныс берді. Бұдан әрі, отырыстың күн тәртібіне сәйкес, аудандық   мәслихаттың тұрақты   комиссияларының қаулылары талқыланып, бақылаудан алынды.

«Көктемгі егіс жұмыстарына дайындық туралы» мәселе бойынша ауыл   шаруашылығы бөлімінің басшысы - М.А.Нұркешев сөз сөйледі , аудандық мәслихаттың депутаты - Ю.Г.Ковязиннің ауданның тұқым өсіру  шаруашылықтарынан біздің ауыл шаруашылығы тауарын өндірушілермен  тұқым сатып алу туралы сұрағына оң жауап берді.

«Ауыл шаруашылығы мақсатындағы пайдаланылмаған жерлерді айналымға тарту бойынша    жүргізіліп жатқан жұмыстар туралы» жер қатынастары бөлімінің басшысы - З.В.Мукатова, «Бородулиха ауданы бойынша шағын және орта кәсіпкерлік субъектілерін жеңілдікпен          қаржыландыру бағдарламасын іске асыру барысы туралы» кәсіпкерлік, өнеркәсіп және    туризм бөлімінің басшысы - Ж.О.Жолдыбеков баяндама жасады.

Бұдан әрі, отырыстың күн тәртібіне сәйкес, аудандық мәслихаттың тұрақты комиссияларының қаулылары талқыланып, бақылаудан алынды.

Қаралған барлық мәселелер бойынша тұрақты комиссиялардың қаулылары қабылданып, тиісті ұсынымдар берілді.

 

Маслихаттың шешiмi