Бородулиха аудандық мәслихатының 2020 жылғы 25 желтоқсандағы № 56-5-VI «2021-2023 жылдарға арналған аудандық бюджет туралы» шешіміне өзгерістер енгізу туралы

Бородулиха аудандық мәслихатының

2021 жылғы 29 наурыздағы № 4-6-VII шешімі

Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде

8535 нөмірімен тіркелген

Қазақстан Республикасының 2008 жылғы 4 желтоқсандағы Бюджет кодексінің 104-бабының 5-тармағына, Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы «Қазақстан Республикасының жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Заңының 6-бабы 1-тармағының 1) тармақшасына сәйкес, Бородулиха аудандық мәслихаты ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:

1. Бородулиха аудандық мәслихатының 2020 жылғы 25 желтоқсандағы     56-5-VI «2021-2023 жылдарға арналған аудандық бюджет туралы» шешіміне (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде 8256 нөмірімен тіркелген, Казакстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің электрондық түрдегі Эталондық бақылау банкінде 2021 жылғы 14 қантарда жарияланған) шешіміне мынадай өзгерістер енгізілсін:

1-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

«1. 2021-2023 жылдарға арналған аудандық бюджет тиісінше 1, 2, 3- қосымшаларға сәйкес, соның ішінде 2021 жылға мынадай көлемдерде бекітілсін:

1) кірістер – 6657555,7 мың теңге, соның ішінде:

салықтық түсімдер – 1173843 мың теңге;

салықтық емес түсімдер – 23532 мың теңге;

негізгі капиталды сатудан түсетін түсімдер – 700 мың теңге;

трансферттер түсімі – 5459480,7 мың теңге;

2) шығындар – 6881159,9 мың теңге;

3) таза бюджеттік кредиттеу – 98785 мың теңге, соның ішінде:

бюджеттік кредиттер – 140016 мың теңге;

бюджеттік кредиттерді өтеу – 41231 мың теңге;

4) қаржы активтерімен операциялар бойынша сальдо – 0 теңге, соның ішінде:

қаржы активтерін сатып алу – 0 теңге;

мемлекеттің қаржы активтерін сатудан түсетін түсімдер – 0 теңге;

5) бюджет тапшылығы (профициті) – - 322389,2 мың теңге;

6) бюджет тапшылығын қаржыландыру (профицитін пайдалану) – 322389,2 мың теңге, соның ішінде:

қарыздар түсімі – 140016 мың теңге;

қарыздарды өтеу– 41231 мың теңге;

бюджет қаражатының пайдаланылатын қалдықтары – 223604,2 мың теңге.»;

9-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

«9. 2021 жылға арналған аудандық бюджетте облыстық бюджеттен 186359 мың теңге сомасында ағымдағы нысаналы трансферттер көзделсін.»;

осы шешімнің қосымшасына сәйкес аталған шешімнің 1-қосымшасы жаңа редакцияда жазылсын.

2. Осы шешім 2021 жылдың 1 қаңтарынан бастап қолданысқа енгізіледі.

 

 

Сессия төрағасы

 

К. Апенов

Аудандық мәслихат хатшысы

 

У. Майжанов

 

 

Маслихаттың шешiмi