Бородулиха аудандық мәслихатының 2020 жылғы 25 қыркүйектегі № 53-9-VI «Бородулиха ауданы бойынша бейбіт жиналыстарды ұйымдастыру және өткізу үшін арнайы орынды, оны пайдалану тәртібін, шекті толу нормаларын, оны материалдық-техникалық және ұйымдастырушылық қамтамасыз етуге қойылатын талаптарын, пикеттеуді өткізуге тыйым салынған іргелес аумақтардың шекараларын анықтау туралы» шешіміне өзгерістер енгізу туралы

Қазақстан Республикасының 2016 жылғы 6 сәуірдегі «Құқықтық актілер туралы» Заңының 26-бабына, Қазақстан Республикасының 2001 жылғы  23 қаңтардағы «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Заңының 6-бабы 1-тармағының  15) тармақшасына сәйкес, Бородулиха аудандық мәслихаты ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:

1. Бородулиха аудандық мәслихатының 2020 жылғы 25 қыркүйектегі № 53-9-VI «Бородулиха ауданы бойынша бейбіт жиналыстарды ұйымдастыру және өткізу үшін арнайы орынды, оны пайдалану тәртібін, шекті толу нормаларын, оны материалдық-техникалық және ұйымдастырушылық қамтамасыз етуге қойылатын талаптарын, пикеттеуді өткізуге тыйым салынған іргелес аумақтардың шекараларын анықтау туралы» (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде 7619 нөмірімен тіркелген, Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің электрондық түрдегі Эталондық бақылау банкінде 2020 жылғы 8 қазанда, «Аудан тынысы», «Пульс района» аудандық газеттерінде 2020 жылғы 6 қазанда жарияланған) шешіміне мынадай өзгерістер енгізілсін:

көрсетілген шешімнің 1-қосымшасы осы шешімнің 1-қосымшасына сәйкес жаңа редакцияда жазылсын;

көрсетілген шешімнің 2-қосымшасы осы шешімнің 2-қосымшасына сәйкес жаңа редакцияда жазылсын;

көрсетілген шешімнің 3-қосымшасы осы шешімнің 3-қосымшасына сәйкес жаңа редакцияда жазылсын;

көрсетілген шешімнің 4-қосымшасы осы шешімнің 4-қосымшасына сәйкес жаңа редакцияда жазылсын.

2. Осы шешім оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

Сессия төрағасы Ю. Ковязин

Аудандық мәслихат хатшысы У. Майжанов

Қазақстан Республикасының Әділет министрлігі

________ облысының/қаласының Әділет департаменті

Нормативтік құқықтық акті 11.05.2021

Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік

тіркеудің тізіліміне № 8759 болып енгізілді

Результаты согласования

Бородулихинский районный маслихат - Секретарь районного маслихата Уалихан Тукенович Майжанов, 30.04.2021 11:25:24, положительный результат проверки ЭЦП

Бородулихинский районный маслихат - Председатель сессии, депутат районного маслихата Юрий Геннадьевич Ковязин, 30.04.2021 11:33:46, положительный результат проверки ЭЦП

Департамент Юстиции Восточно-Казахстанской области - Заместитель руководителя Департамента Юстиции Восточно-Казахстанской области Ермек Ерланович Корабаев, 05.05.2021 16:19:25, положительный результат проверки ЭЦП

Бородулиха аудандық мәслихатының

2021 жылғы 30 сәуірдегі

№ 6-2-VII

шешіміне 1-қосымша

Бородулиха ауданында бейбіт жиналыстарды ұйымдастыруға және өткізуге арналған мамандандырылған орындар, олардың шекті толу нормалары және шеру бағыты

п/п

Арнайы орындар және шеру бағыты

Шекті толу нормалары

1.

Бородулиха ауданы, Бородулиха ауылы, Достық көшесі № 217 «Бородулиха аудандық мәдениет бөлімінің Мәдениет үйі» КМҚК ғимаратының алдындағы алаң.

30 адамнан көп емес

2.

Бородулиха ауданы, Бородулиха ауылы, Молодежная көшесі № 25 «ШҚО Бородулиха ауданының жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар» ММ ғимаратының алдындағы алаң.

30 адамнан көп емес

3.

Шеру бағыты: Достық көшесі № 152 бастап Достық көшесі № 217 дейін.

шешіміне  2-қосымша

Бородулиха ауданында арнайы орындарды материалдық-техникалық және ұйымдастырушылық қамтамасыз етуге қойылатын талаптар

  1. Ұйымдастырушы немесе ұйымдастырушының өкілдері бейбіт жиналыстар өткізу кезінде дыбыс-бейне жазу техникасын, сондай-ақ бейне және фототүсірілім жасауға арналған техниканы пайдалануға құқылы.
  2. Бейбіт жиналыстар өткізуді материалдық-техникалық және ұйымдастырушылық қамтамасыз етуді оларды ұйымдастырушы мен оларға қатысушылар өз қаражаты есебінен, сондай-ақ осы бейбіт жиналыстарды өткізу үшін жиналған және (немесе) берілген қаражат пен мүлік есебінен жүзеге асырады.

шешіміне 3-қосымша

Бородулиха ауданында арнайы орындарды пайдалану тәртібі

Бейбіт жиналыстар бейбіт жиналыстарды ұйымдастыру және өткізу үшін осы шешіммен айқындалған арнайы орындарда өткізіледі. Пикеттеуді қоспағанда, өзге орындарда бейбіт жиналыстар өткізуге тыйым салынады.

Дәл сол бір жерде және (немесе) дәл сол бір жүру маршруты бойынша не дәл сол бір уақытта бейбіт жиналыс өткізуге бір мезгілде бірнеше бейбіт жиналыстарды ұйымдастырушы үміткер болған жағдайда, көрсетілген орынды пайдалану кезектілігін жергілікті атқарушы орган бейбіт жиналыстарды ұйымдастырушыдан тиісті хабарламаны немесе өтінішті алған уақытын негізге ала отырып айқындайды.

Бейбіт жиналыстарды бейбіт жиналыстар өткізілетін күні жергілікті уақыт бойынша сағат 9.00-ден ерте бастауға және сағат 20.00-ден кеш аяқтауға болмайды.

Бейбіт жиналыстарды ұйымдастыру және өткізу үшін арнайы орындарды қоспағанда, дәл сол бір жерде дәл сол бір уақытта дәл сол бір объектіде екі және одан да көп пикет өткізуге жол берілмейді.

Пикеттеу ұзақтығы бейбіт жиналыстарды ұйымдастыру және өткізу үшін арнайы орындарды қоспағанда, дәл сол бір жерде дәл сол бір объектіде күніне 2 сағаттан аспауға тиіс.

Қазақстан Республикасының 2020 жылғы 25 мамырдағы «Қазақстан Республикасында бейбіт жиналыстарды ұйымдастыру және өткізу тәртібі туралы» Заңының 17 және 18-баптарында көзделген жағдайларда жергілікті атқарушы орган өкілінің, құқық қорғау органдары қызметкерлерінің талап етуі бойынша бейбіт жиналыстарға қатысушыларға осындай талапты орындау қажеттігі туралы ақпарат бере отырып, бейбіт жиналыстарды тоқтата тұрады немесе тоқтатады.

шешіміне 4-қосымша

Бородулиха ауданында пикеттеуді өткізуге тыйым салынған іргелес аумақтардың шекаралары

Пикеттеу өткізуге тыйым салынған іргелес аумақтардың шекаралары Қазақстан Республикасының 2020 жылғы 25 мамырдағы «Қазақстан Республикасында бейбіт жиналыстарды ұйымдастыру және өткізу тәртібі туралы» Заңының 9-бабының 5-тармағында белгіленген объектілерден кемінде 400 метр қашықтық болып белгіленсін.

Қазақстан Республикасының Әділет министрлігі

________ облысының/қаласының Әділет департаменті

Нормативтік құқықтық акті 11.05.2021

Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік

тіркеудің тізіліміне № 8759 болып енгізілді

Результаты согласования

Бородулихинский районный маслихат - Секретарь районного маслихата Уалихан Тукенович Майжанов, 30.04.2021 11:25:24, положительный результат проверки ЭЦП

Бородулихинский районный маслихат - Председатель сессии, депутат районного маслихата Юрий Геннадьевич Ковязин, 30.04.2021 11:33:46, положительный результат проверки ЭЦП

Департамент Юстиции Восточно-Казахстанской области - Заместитель руководителя Департамента Юстиции Восточно-Казахстанской области Ермек Ерланович Корабаев, 05.05.2021 16:19:25, положительный результат проверки ЭЦП

Маслихаттың шешiмi