Аудандық мәслихаттың VII шақырылымының тұрақты комиссияларының бірлескен отырысы өтті.

2021 жылдың 30 маусымында  аудандық мәслихаттың VII шақырылымының тұрақты комиссияларының бірлескен отырыстары өтті.

Күн тәртібінде Бородулиха ауданы бойынша Қазақстан Республикасында білім беруді және ғылымды дамытудың 2020-2025 жылдарға арналған бағдарламасын іске асыру барысы туралы есептер тыңдалды. Баяндамашы: Кукшебаева Найра Куттбаевна – «ШҚО Бородулиха ауданының білім бөлімі» ММ басшысы.

Бородулиха ауданы бойынша Қазақстан Республикасында діни экстремизм мен терроризмге қарсы іс-қимыл жөніндегі 2018-2022 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламаны іске асыру барысы туралы. Баяндамашы: Жайдарбеков Медет Мақсатұлы – «ШҚО Бородулиха ауданының ішкі саясат бөлімі» ММ басшысы. Ауданның елді мекендерін санитарлық тазалау, абаттандыру және көгалдандыру бойынша жүргізілген жұмыстар туралы. Баяндамашы: Әділбеков Алтынбек Бақытбекұлы – «ШҚО Бородулиха ауданының ТКШ, жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары бөлімі» ММ басшысының м.а. Бородулиха ауданының халқын ауыз сумен қамтамасыз ету бөлігінде мемлекеттік бағдарламалардың іске асырылу барысы туралы. Баяндамашы: Маймаков Бейсенғали Мендіғалиұлы – «ШҚО Бородулиха ауданының сәулет, қала құрылысы және құрылыс бөлімі» ММ басшысы. Бородулиха ауданының жергілікті атқарушы органдарымен көрсетілетін мемлекеттік қызметтердің сапасы туралы. Баяндамашы: Примак Вадим Михайлович – Бородулиха ауданы әкімі аппаратының ұйымдастыру жұмысы, ақпараттық технологиялар және мемлекеттік қызметтер көрсету мониторингі бөлімі басшысының м.а.

 

Сондай-ақ, аудандық мәслихаттың тұрақты комиссияларының қаулыларын бақылаудан алу туралы қаулы қаралды.

Қаралған барлық мәселелер бойынша қаулылар қабылданып, тиісті ұсыныстар берілді.

 

Маслихаттың шешiмi