Аудандық мәслихаттың VII шақырылымының кезекті жетінші сессиясы өткізілді

2021 жылдың 30 маусымында  аудандық мәслихатының депутаты – Юрий Геннадьевич Ковязиннің төрағалық етуімен аудандық мәслихаттың VII шақырылымының кезекті жетінші сессиясы өтті.

Сессия жұмысына Бородулиха ауданының әкімі – Киниуғул Қашкенұлы Бичуинов, аудан әкімінің орынбасарлары, дербес бөлімдердің басшылары қатысты, бұқаралық ақпарат құралдарының өкілдері қатысты.

Күн тәртібінде Бородулиха ауданының әкімі Кинуғул Қашкенұлы Бичуиновтың есебі тыңдалды. ШҚО Бородулиха ауданы әкімдігінің халықты жұмыспен қамту орталығы КММ «Еңбек» Нәтижелі жұмыспен қамтуды және жаппай кәсіпкерлікті дамытудың 2017-2021 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасын іске асыру туралы сұрағы бойынша Юрий Йюрикович Хасанов – «ШҚО Бородулиха ауданы әкімдігінің халықты жұмыспен қамту орталығы» КММ директоры сөз сөйледі, 2021 жылдың жазғы кезеңінде, Бородулиха ауданының балаларының демалысын, сауықтырылуын және жұмыспен қамтылуын ұйымдастыру туралы Найра Куттбаевна Көкшебаева – «ШҚО Бородулиха ауданының білім бөлімі» ММ басшысы есеп берді, Аудандық мәслихаттың өнеркәсіп, құрылыс, көлік, байланыс, кәсіпкерлік, заңдылық және құқық тәртібін дамыту мәселелері бойынша тұрақты комиссияның жұмысы туралы есебі бойынша Балтабаева Вера Иосифовна – депутат, тұрақты комиссияның мүшесі сөз сөйледі.

Қаралған мәселелер бойынша, аудандық мәслихаттың шешімдері нақты ұсыныстармен қабылданды.

«Әртүрлі» бөлігіндегі сұрақтар бойынша сәйкес шешімдер қабылданды.

 

 

Маслихаттың шешiмi