VII шақырылған Бородулиха аудандық мәслихатының кезектен тыс сегізінші сессиясы өтті

2021 жылғы 23 шілдедеБородулиха аудандық мәслихатының хатшысы Уалихан Төкенұлы Майжанов онлайн режимінде Бородулиха аудандық мәслихатының кезектен тыс VIІІ сессиясын өткізді.

Күн тәртібінде Бородулиха аудандық мәслихатының 2020 жылғы 25 желтоқсандағы № 56-5-VI «2021-2023 жылдарға арналған аудандық бюджет туралы» шешіміне өзгерістер енгізу туралы, Бородулиха аудандық мәслихатының 2021 жылғы 19 қаңтардағы  Белағаш, Бородулиха, Дмитриевка, Жезкент, Құнарлы, Новодворовка, Переменовка, Петропавловка, Подборный ауылдық және кенттік округтердің бюджеттері туралы шешімдеріне өзгерістер енгізу, Бородулиха аудандық мәслихатының «Бородулиха аудандық мәслихатының Регламентін бекіту туралы» 2016 жылғы 7 маусымдағы № 3-5-VI шешіміне өзгерістер енгізу туралы,Бородулиха аудандық мәслихатының «Бородулиха ауданы бойынша жергілікті қоғамдастық Регламенті туралы» 2018 жылғы 30 наурыздағы № 20-10-VI шешіміне өзгерістер енгізу туралы, Бородулиха ауданының Бородулиха ауданында көшелерді қайта ату туралы шешімдері қаралды, сонымен қатар сессия аясында М.М.Аманжоловқа «Бородулиха ауданының құрметті азаматы» атағын беру  туралы шешім қабылданды.

Қаралған барлық мәселелер бойынша шешімдер қабылданды,тиісті ұсынымдар берілді.

 

Маслихаттың шешiмi