1 қазанда ең ерекше күздің мерекелерінің бірі - Қарттар күні.

1 қазанда ең ерекше күздің мерекелерінің бірі - Қарттар күні. Бұл - әкелеріміз бен аналарымызға, аталарымыз бен апаларымызға алғыс айтып,  жылы лебіз білдіретін күн.

Мерекелік күні Бородулиха аудандық мәслихатының хатшысы У.Т.Майжанов Михайличенково және Новошульба ауылдарының қарт тұрғындарын құттықтап, барып қайтты. Уалихан Төкенұлы ата-әжелеріне естелік сыйлықтар табыс етті, олардың көп жылғы қажырлы еңбегі және өскелең ұрпақ пен жастарды тәрбиелеуге қосқан баға жетпес үлесі үшін алғыс айтты. Ол зор денсаулық, ұзақ өмір, сергектік, отбасылық жылулық пен амандық тіледі.

Уәлихан Төкенұлы қазыналы қарттарымызға өнегелі өмір жолдарында қалдырған өшпес іздері мен қажырлы еңбектері үшін алғыс білдіріп, өскелең ұрпақты тәрбиелеудегі сіңірген еңбектері үшін құттықтау сөздер арнап, ұзақ ғұмыр, мықты денсаулық тілей отырып,  сый-сыяпаттар таратты.

 

 

 

 

Маслихаттың шешiмi