Бородулиха аудандық мәслихатының кезекті тоғызыншы сессиясы өтті.

2021 жылғы 7 қазанда Бородулиха аудандық мәслихатының хатшысы – У.Т.Майжановпен – онлайн-трансляция режимінде VII шақырудың IХ кезекті сессиясы өтті.

Сессия жұмысында онлайн режимінде ауылдық және кенттік округ әкімдері, дербес бөлімдердің басшылары, Бородулиха ауданының Қоғамдық кеңесінің мүшелері қатысты.

Сессияның бекітілген күн тәртібіне сәйкес ТКШ, жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары бөлімі басшысының міндетін атқарушысы К.А.Унербаевтың «2021-2022 жылдардағы жылу беру маусымында тұрғын үй-коммуналдық қызметтерді, жылумен жабдықтаушы ұйымдарды, тұрңын үй қорын және әлеуметтік-мәдени маңызы бар объектілерді дайындау қорытындылары туралы» ақпараты тыңдалды. «Аз қамтылған азаматтарды, көп балалы отбасыларды, мүмкіндігі шектеулі адамдарды әлеуметтік қолдау шаралары туралы» жұмыспен қамту, әлеуметтік бағдарламалар және азаматтық хал актілерін тіркеу бөлімінің басшысы А.К.Байболова мәлімдеді. «Бородулиха ауданы бойынша мал шаруашылығы саласының жай-күйі мен даму перспективалары туралы»  ақпаратты ауыл шаруашылығы бөлімінің басшысы М.А.Нуркешев баяндады. Аудандық мәслихат депутаты, тұрақты комиссияның төрағасы Юрий Геннадьевич Ковязиннің «Агроөнеркәсіптік кешен, экология, қоршаған ортаны қорғау және табиғи ресурстарды ұтымды пайдалану мәселелері жөніндегі тұрақты комиссияның жұмысы туралы» есебі тыңдалды.

Сессияны өткізу қорытындылары бойынша: ТКШ, жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары бөлімі басшысының міндетін атқарушысына тұрғындарды көмірмен қамту мәселесін айрықша бақылауға алу, жылу беру маусымының аяғына дейін коммуналдық-тұрмыстық көмірге бағаның өсуін тежеу, 2021-2022 жылдардағы жылу беру маусымында тұрғын үй-коммуналдық қызметтер объектілерінің, жылумен жабдықтаушы ұйымдардың үздіксіз қызмет етуін қаматамасыз ету.

Жұмыспен қамту, әлеуметтік бағдарламалар және азаматтық хал актілерін тіркеу бөлімінің басшысына аз қамтылған азаматтарды, көп балалы отбасыларды, мүмкіндігі шектеулі адамдарды әлеуметтік қолдауға бағытталған жоспарлы іс-шараларды жүзеге асыру бойынша мақсатты және тиімді жұмысты қаматамасыз ету.

Ауыл шаруашылығы бөлімінің басшысына мал түлігі басын көбейту бойына жұмысты белсендендіру, тұқымдық мал шаруашылық базасын күшейту бойынша барлық шаралар қолдансын.

«Әртүрлі» бөліміндегі сұрақтар бойынша сәйкес шешімдер қабылданды.

 

 

Маслихаттың шешiмi