Аудандық мәслихаттың тұрақты комиссиясының отырысы.

2021 жылғы 7 қазанда онлайн режимінде аудандық мәслихаттың тұрақты комиссияларының бірлескен отырыстары өтті.

Отырыста аудандық мәслихатының хатшысы – У.Т.Майжанов, ауылдық және кенттік округ әкімдері, дербес бөлімдердің басшылары, Бородулиха ауданының Қоғамдық кеңесінің мүшелері қатысты.

Күн тәртібіне сәйкес отырыс барысында Жастар ресурстық орталығының басшысы Д.К.Хасенованың «Бородулиха ауданы бойынша мемлекеттік жастар саясатының жүзеге асырыу барысы туралы», «Ірі жемдерді дайындау бойынша шабындық компанияның қорытындылары туралы» Бородулиха ауданының ауыл шаруашылығының бөлімінің басшысы М.А.Нуркешев баяндады,  ТКШ, жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары бөлімі басшысының міндетін атқарушысы К.А.Унербаев «Ауданның автомобиль жолдарының техникалық жағдайы, қамту және жөндеу туралы» ақапарат берді.

«2021-2023 жылдарға арналған аудандық бюджет туралы» ақпаратпен экономика және бюджетті жоспарлау бөлімінің басшысы А.С.Жемагулов сөз сөйледі.

Одан әрі аудандық мәслихаттың тұрақты комиссияларының бекітілген жоспарына сәйкес Степной, Жерновка, Новодворовка, Бақы, Дмитриевка әкімдері және Зубаир ауылдық округі әкімінің міндетін атқарушысы тыңдалды.

Отырысты өткізу қорытындысы бойынша Жастар ресурстық орталығының басшысына жастармен ерікті қозғалысты дамыту, жастардың гранттық жобаларда қатысу сұрақтары бойынша,жұмыспен қамту сурақтары бойынша, жұмыстарға арналған ағымдағы бағдарламаларбойынша түсіндіру жұмыстарын күшейту.

Ауыл шаруашылық бөлімінің басшысына, сонымен қатар ауылдық округ әкімдеріне мал басының төмендеуін болдырмау мақсатында, жеке аулалардың ірі жемдермен қамтылуына назар аудару, жемдердің ұзақ сақталуына қажет аулаларды дайындау бойынша жұымсты айрықша бақылауға алу, аумақты уақытында тазалау мен өртке қарсы шараларды сақтау. Округтер әкімдеріне орындарда қоғамдастықтардың өкілдерімен бірлескен жұмысты күшейту қажет.

Барлық қаралған сұрақтар бойынша каулылар қабылданды және сйкесінше аталған қаулыларды орындау мерзімдері берілді.

 

 

Маслихаттың шешiмi