Қазақстанда жергілікті өкілетті органдардың құрылғанына 25 жыл

Ағымдағы жылы Қазақстан Республикасы маңызды саяси оқиға – мәслихаттардың құрылғанына 25 жылдығын атап өтеді. 1994 жылы наурыз айында Қазақстан Республикасының Жоғарғы кеңесі қаулысының негізінде бүкілхалықтық сайлау өткізіліп, өкілетті органдардың бірінші шақырылымы сайланды.

Міне 25 жыл халық қалаулылары халққа қызмет етуде, халықтың тілеуін, сұрауын ашық білдіріп, оны іске асыру үшін, Қазақстан Республикасының  заңнамасына сәйкес қажетті іс-шараларды айқындап, олардың жүзеге асырылуын  бақылайды.

Өткенге көз жүгіртсек, әлеуметтік-экономикалық  жағдай осы уақытқа дейін, қаншалықты өзгергенін, 90 - шы жылдардағы мәслихат депутаттарына  жергілікті атқарушы органдармен жұмыс жасау оңай болмағанын ұғынасың. Бұл нарықтық экономиканың  тек тұжырымдамалы ғана жасалған, тұрмыстық және коммуналдық мәселелер көптеп орын алған, өмір сүру деңгейі төмен, бюджет тек бюджет қызметкерлеріне жалақы төлеуге ғана жеткен қиын уақыт  болатын.

Бородулиха аудандық мәслихатының құрылған уақытынан бастап, оны бірінші болып басқарған – Адольф Романович Эберц, Бородулиха ауданымен біріктірілгенге дейін, 1997 жылы Новошульба аудандық мәслихатының бірінші шақырылымының хатшысы – Любовь Авдеевна Шокарева болды. Жерлестердің сенімі атқарушы билікте көпжылдық жұмысқа лайық деп танып, Болат Сапорұлы Сапоров – аудандық мәслихаттың екі шақырылым хатшысы болды. Бұл маңызды және жауапкершілікті жұмысты Болат Құсайынұлы Аргумбаев жалғастырды.

2016 жылғы 20 наурызда өткен сайлаудан кейін, өз жұмысын бастаған алтыншы шақырылымның депутаттық корпусына 13 депутат ұсынылған. Олар әр түрлі салада жұмыс істейді, профессионалды, қоғамдық және өмірлік тәжірибеге ие.

13 депутаттың 12 - сі «Нұр Отан» партиясымен ұсынылған, бұл, партияның  халық арасында жоғары беделінің айғағы.

Біздің депутаттарымыздың ауданның қоғамдық-саяси өміріндегі қызмет салаларындағы еңбектерінің бағасын ерекше мақтанышпен атап өткім келеді.

Сайлаушылар төрт шақырылым қатарынан С.Н. Быковқа дауыс берген, ол «Құрмет» орденімен, «Ерен еңбегі үшін» медалімен марапатталған, Бородулиха ауданының Құрметті азаматы, өткен жылы Шығыс Қазақстан облысының Құрметті азаматы атағына ие болды.

Дәл солай, сайлаушылар төрт шақырылым қатарынан мол сенім көрсеткен А.Н. Құрамысов абыройымен «Ерен еңбегі үшін» медалімен марапатталған.

«Шапағат» медалімен, ҚР Еңбек және әлеуметтік қорғау министірлігінің «Әлеуметтік-еңбек саласының үздігі» төс  белгісімен                  В.М. Ежова, «Денсаулық сақтау ісіне қосқан үлесі үшін» төс белгісімен              У.М. Эфендиев марапатталды. Умуд Муса-оғлы белсенді азаматтық ұстанымы, ауданның әлеуметтік-экономикалық дамуына қосқан мол үлесі үшін, Бородулиха уданының Құрметті азаматы атағына атанды.

Жоғары марапаттар, өткен шақырылымның 10 депутаты (77%), жаңа шақырылымда жұмыстарын жалғастыруы, ал 4 депутат сайлаушылардың сеніміне ие болып, үшінші және төртінші мерзімге сайлануы, бұл - олардың жинақтаған тәжірибесі, депутаттық корпус жұмысының тиімділігін айтарлықтай жоғарлатады, жұмыста сабақтастықты қамтамасыз етеді.

Барлық депутаттар, өз жұмыстарында сайлауалды бағдарламаны, сайлаушылардың талап-тілектері мен қолданыстағы заңнаманың нормаларын басшылыққа алады. Жыл сайын мәслихаттың, тұрақты комиссиялардың жұмыс жоспары, сайлаушыларды қабылдау кестесі құрылады, осыларға сәйкес жұмыс жоспарланады.

Он үш депутаттың алтауы аудандағы ірі шаруа қожалықтарының басшылары болып табылады, олардың басшылығымен ауыл шаруашылық өнімдерінің барлық  түрі артып, аудан экономикасы нығайып, сәйкесінше тұрғындардың әлеуметтік жағдайы жақсарып келеді. Олардың көмегімен азаматтарды жұмысқа орналастыру мәселесі лезде шешіледі, мұқтаж жандарға материалдық демеушілік көмек көрсетіледі. Шаруа қожалықтарының күшімен елді мекендерді абаттандыру бойынша іс-шаралар жүргізілуде. Депутаттар ауданда дәстүрлі түрде өткізілетін қайырымдылық акцияларға да белсенді қатысады.

«Жомарт жүрек-2017» меценаттар форумына қатысқан Т. А. Оразаев атаулы сыйлықтың лауреаты атанды. С.Н. Быковтың әлеуметтік-маңызды жобаларды іске асыруға қосқан үлесі, Шығыс Қазақстан облысы әкімінің дипломымен және облыстық білім басқармасы басшысының Алғыс хатымен марапатталды.

Бизнестің әлеуметтік жауапкершілігі шеңберінде іс-шараларды іске асыруға аудандық мәслихат депутаттары, шаруашылық басшылары –                 Ю.Г. Ковязин,  А.Ж. Әубакіров,  А.Ғ. Құдышев үлкен үлес қосуда.

В.И. Балтабаева, В.А. Мокроусова, Д.А. Сәлімова, К.С. Апенов сайлаушылардың мүддесін көрсете отырып, қоғамдық жұмысты кәсіби қызметпен табысты біріктіреді, бұл өз - өзінен қиын міндет.

Өкінішке орай, қанша мәселе шешілсе де, барлық мәселелерді бірден шешу мүмкін емес, себебі біз бір нәрсе жасай отырып, басқа мәселеге шығамыз. Соңында осындай шексіз тізбек пайда болады, онда бәрі бірден оңай болмайды. Дегенмен, нәтижелер бар және олар қуантпайды деп айта алмаймыз.

Мәслихаттың жұмысы, өз мәні бойынша, әрбір депутат қызметінің жариялылығын, сондай-ақ сессиялар мен тұрақты комиссиялардың барлық отырыстарын болжайды. Аудандық «Аудан тынысы - Пульс района» газетінде «Депутаттық хроника» айдары ашылды, онда тұрақты негізде депутаттардың сайлаушылар алдындағы есеп берулері, өткізілген сессиялар, тұрақты комиссиялардың отырыстары және аудандық мәслихаттың басқа да іс-шаралары туралы ақпараттар, қаралған мәселелер мен қабылданған шешімдер толық талданып, елдегі саяси оқиғаларға пікірлері жарияланады. Бекітілген медиа-жоспарға сәйкес, газетте ай сайын депутаттардың түрлі өзекті тақырыптар төңірегінде жазған  мақалалары жарияланып тұрады.

Қабылданған нормативтік-құқықтық актілердің, мәслихаттың қызметі мен өкілеттігі туралы ақпарат аудандық мәслихаттың сайтында да орналастырылады.

Қорытындылай келе, депутаттардың кәсіпқойлығы, олардың іске немқұрайлы еместігі, атқарушы органдармен, жергілікті қоғамдастықтармен және аудан тұрғындарымен бірлескен жұмыс – депутаттық корпустың нәтижелі қызметінің негізі болып табылатынын атап өткім келеді. Ең бастысы – біз ауданның өзекті мәселелерін шешуге кәсіби және жауапкершілікпен қарау қажеттігін ешқашан ұмытпаймыз, өйткені сайлау округтерінде тұратын жүздеген адамдар бізді олардың мүдделерін объективті түрде ұсынады деген  үмітпен таңдады.

 

У.Т.  Майжанов

VІ шақырылған Бородулиха аудандық мәслихатының хатшысы

 

 

Маслихаттың шешiмi