Депутаты маслихата

Маслихаттың депутаттары

 

 

 

Уәлихан Төкенұлы Майжанов - Бородулиха аудандық мәслихатының V, VI, VII шақырылымдарының депутаты.

1961 жылы 9 мамырда Семей облысы, Новошульба ауданының Буркотов ауылыңда дүниеге келген. 1978 жылы Буркотов ауылының орта мектебін бітірді. 1978 жылдан «Красный Казахстан» совхозының жұмысшысы. 1984 жылы  Семей зооветеринарлық институтын бітіріп, зооинженер мамандығын алды. Кешкі уақытта қоғамдық ғылымдардың екiжылдық факультетiн бiтiрдi. 1986 жылдан бастап комсомол комитетінің хатшысы, комсомолдық ұйымдар бөлімінің меңгерушісі. 1990 жылдан бастап комсомолдың Новошульба аудандық комитетiнiң екiншi содан соң бiрiншi хатшысы. Белсенді жұмысы үшін Қазақстан комсомолының ОК Құрмет грамотасымен, БЛКЖО ОК төс белгісімен наградталған, Қазақстанның ЛКЖО 16 съезiнің делегаты болып сайланады. 1991 жылы «Красный Казахстан» совхозының партия комитетінің босатылған хатшысы болып сайланады. 1991 жылдан бастап директордың орынбасары, ОРС басшысы болып қызмет iстедi. 1998 жылы Песчанка ауылында «Ленинское» ААҚ Президенті болып тағайындалды. 1999 жылдан бастап «СФ Песчанка» ЖШС директоры болды. 2004 жылы «Песчанское» ШҚ басшысы болды.     2005 жылдан - Новошульба ауылдық округінің әкімі.

2012 жылдан бастап Бородулиха аудандық мәслихатының хатшысы. "Nur Otan"партиясының мүшесі.

Кималидин Сағалбайұлы Әпенов -Бородулиха аудандық мәслихатының V, VI, VII шақырылымдарының депутаты.

1967 жылы 1 маусымда Павлодар облысы Железинка ауданының Комаровка ауылында дүниеге келген. 1984 жылы орта мектепті бітіріп, Павлодар индустриалды институтына түсті. 1985 жылы Кеңес Әскері қатарына шақырылды. 1989 жылдан бастап жас маман болып өзінің еңбек жолын Жезкент кентінде КБК байыту фабрикасында машинисттің оқушысынан бастаған. Артынан электр цехына ауыстырылады. 2008 жылы Жезкент кентінің энергетикалық цехына ТВС бастығы болып тағайындалған. 2010 жылы әлеуметтік-әкімшілік мәселелер бойынша бастық болып тағайындалған. 2011 жылы Жезкент тау-кен байыту комбинатының кәсіподақ комитетінің төрағасы болып сайланған. 2013 жылдан бастап Орлов ПК Әкімшілік-шаруашылық бөлімінің бастығы. "Nur Otan"партиясының мүшесі.

Азамат Жұмақанұлы Аубакиров -Бородулиха аудандық мәслихатының V, VI, VII шақырылымдарының депутаты.

1982 жылы 26 желтоқсанда Семей облысы Новошульба ауылында дүниеге келген. 2000 жылы Жерновка орта мектебін бітірді. Сол жылы Қазақ мемлекеттік заң академиясына түсіп, оны 2004 жылы "Құқықтану"мамандығы бойынша бітірген. Еңбек жолын "Жерновское" ЖШС заңгері болып бастаған, қазіргі уақытта "Жерновское"ЖШС директоры. "Nur Otan"партиясының мүшесі.

Вера Иосифовна Балтабаева - Бородулиха аудандық мәслихатының II,VI, VII шақырылымдарының депутаты.

1968 жылы 6 шілдеде Семей облысы Бородулиха ауылында дүниеге келген. 1985 жылы Андронов орта мектебін бітірді. 1986 жылы І.Жансүгіров атындағы Талдықорған педагогикалық институтына түсіп, педагогикалық институтын еңбекке оқыту және жалпы техникалық пәндер мұғалімі мамандығы бойынша аяқтаған, 2009 жылға дейін "Андроновка орта мектебі" КММ – де директордың оқу ісі жөніндегі орынбасары және математика мұғалімі болып жұмыс істеді. 2009 жылдан бастап "Переменовка орта мектебі" КММ директоры. "Nur Otan"партиясының мүшесі.

Юрий Геннадьевич Ковязин - Бородулиха аудандық мәслихатының V, VI, VII шақырылымдарының депутаты.

1970 жылы 13 қыркүйекте Семейде дүниеге келді. 1985-1989 жылдары Мұқан Төлебаев атындағы музыка училищесінде оқыған. 1989 жылдан 1991 жыл аралығында Кеңес әскерінің қатарында қызмет еткен. 1991-1996 жылға дейін музыка пәнінің мұғалімі мамандығы бойынша Алтай мемлекеттік өнер институтында оқыған. Оқумен бірге 1992-1995 жылдар аралығында Новопокровка орта мектебінде музыка пәнінің мұғалімі мамандығы бойынша жұмыс істеді. 1997 жылы «Лина» шаруа қожалығын ұйымдастырды. 2018 жылдан бастап «Лина» шаруа қожалығы «Лина Агро» ЖШС болып қайта құрылды, оның директоры бүгінгі күнге дейін. "Nur Otan"партиясының мүшесі.

Құдушев Айтуған Ғабдулғазизұлы - Бородулиха аудандық мәслихатының VI, VII шақырылымдарының депутаты.

1962 жылы 9 қаңтарда Семей облысы, Жаңа Семей ауданы, Сарапан ауылында дүниеге келген, 1987 жылы Новопокровка совхозы техникумын зоотехник мамандығы бойынша бітірген. 1987 жылдан 1988 жылға дейін Камышенка ауылының «Пушкин» колхозында жүргізуші болып жұмыс істеді. 1998 жылдан қазіргі уақытқа дейін Камышенка ауылындағы «Аманат» шаруа қожалығының басшысы. «Nur Otan» партиясының мүшесі.

Виталий Сергеевич Лагус - VII шақырылған Бородулиха аудандық мәслихатының депутаты. 1991 жылы 27 желтоқсанда Шығыс Қазақстан облысы, Лениногор қаласында дүниеге келген. 2014 жылы С.Аманжолов атындағы ШҚМУ-ді ағылшын тілі мұғалімі мамандығы бойынша бітірді. 2017 жылдың 4 қыркүйегінен бастап Бородулиха ауылындағы Ә.Бөкейхан атындағы Қазақ мемлекеттік орта мектебінде ағылшын тілі мұғалімі болып жұмыс істейді. "Nur Otan"партиясының мүшесі.

Виктория Анатольевна Мокроусова - Бородулиха аудандық мәслихатының VI, VII шақырылымдарының депутаты.

Ол 1993 жылы 25 ақпанда Шығыс Қазақстан облысы, Ұржар ауданы, Ұржар ауылында дүниеге келген. Білімі жоғары, 2012 жылы М.Әуезов атындағы Семей педагогикалық колледжін «Қазақ тілі мен әдебиеті мұғалімі» мамандығы бойынша, 2015 жылы - Шымкенттегі Қазақ инженерлік-педагогикалық халықтар достығы университетін сол мамандық бойынша бітірді. . 2012 жылдың 1 қыркүйегінен бастап Бородулиха ауылындағы «Абай атындағы жалпы орта мектебі» КММ-де қазақ тілі мен әдебиеті пәнінің мұғалімі болып жұмыс істейді. "Nur Otan"партиясының мүшесі.

Мұхаметкәрімұлы Алтай - Бородулиха аудандық мәслихатының VII шақырылған депутаты. 1959 жылы 5 наурызда Семей облысы, Новопокровка ауданы, Новопокровка ауылында дүниеге келген. 1980 жылы Н.Крупская атындағы Санкт-Петербург мемлекеттік педагогикалық институтын орыс тілі мұғалімі, 1999 жылы Абай атындағы АМУ-ді қазақ тілі мен әдебиеті мұғалімі мамандығы бойынша бітірді. 1990 жылдан бастап ҚарМУ Коростелевская орта мектебінде қазақ тілі мен әдебиеті пәнінің мұғалімі болып жұмыс істейді. «Ақ жол» ҚДП мүшесі.

 

Талғат Айтқазыұлы Оразаев -Бородулиха аудандық мәслихатының V, VI, VII шақырылымдарының депутаты.

1980 жылы 16 қазанда Семей қаласында дүниеге келген. 1996 жылы Семей қаласының мемлекеттік қаржы институтына түскен. 1999 жылдан бастап Бородулиха ауылында "Раушан" ш/қ басшысының орынбасары болып ауыл шаруашылығы саласында еңбек етті. 2011 жылы "Раушан "ш/қ басшысы болып тағайындалды. 2012 жылдан бастап "Раушан"ШҚ ЖШС директоры. "Ауыл" партиясының мүшесі.

Меиз Токановна Сиюндыкова - Бородулиха аудандық мәслихатының VII шақырылымының депутаты.

1967 жылы 8 наурызда Павлодар облысы Майқарағай ауылында дүниеге келген. 1986 жылы Павлодар аспаздық училищесін аспаз мамандығы бойынша бітірді. 1987 жылдан бастап жеке кәсіпкер, Жезкент кентінде келушілердің тамақтануын және демалысын ұйымдастыру бойынша жеке кәсіпорны бар. "Nur Otan"партиясының мүшесі.

Эфендиев Умуд Муса - оглы Бородулиха аудандық мәслихатының III, IV, V, VI, VII шақырылымдарының депутаты.

1958 жылы 14 Қаңтарда Армян КСР Илмазлу ауылында дүниеге келген. Білімі жоғары, 1981 жылы Семей мемлекеттік медицина институтының емдеу факультетін бітірген. Талдықорған облысы медициналық институтының Алматы ОТКЗ базасында хирургия мамандығы бойынша интернатурадан өте жақсы бағамен өтті.

1984 жылдан бастап Новошульба ОАА дәрігер-хирург болып жұмыс істеді, 1989 жылы бас дәрігердің орынбасары лауазымына ауыстырылды, 1997 жылы Новошульба ауруханасының бас дәрігері болып тағайындалды. 1999 жылдан бастап қазіргі уақытқа дейін Бородулиха орталық аудандық ауруханасын басқарады. Бородулиха ауданының Құрметті азаматы. «Nur Otan» партиясының мүшесі.