Бородулиха аудандық
мәслихатының 2020 жылғы
25 желтоқсандағы
№__________шешіміне
қосымша
ЖОСПАР Бородулиха аудандық мәслихатының 2021 жылға арналған жұмыстары
I тоқсан
1. 2020 жылға арналған аудандық бюджеттің атқарылуы туралы есеп.
Баяндамашы: Талғатұлы Думан – «ШҚО Бородулиха ауданының қаржы бөлімі»ММ басшысының м.а.
2. «Бородулиха ауданының 2020 жылға арналған жергілікті бюджетінің атқарылуы туралы» Шығыс қазақстан облысы бойынша тексеру комиссиясының есебі.
Баяндамашы: Шығыс Қазақстан облысы бойынша тексеру комиссиясының өкілі.
3. Бородулиха ауданының аумағын дамытудың 2016-2020 жылдарға арналған бағдарламасын іске асыру қорытындылары туралы ақпарат.
Баяндамашы: Жемагулов Арман Серканович – «ШҚО Бородулиха ауданының экономика және бюджеттік жоспарлау бөлімі» ММ басшысы.
4.Бородулиха ауданының аумағында су тасқынына қарсы іс-шараларды ұйымдастыру және өткізу туралы.
Баяндамашы: Ризин Қуаныш Сембайұлы - ШҚО Бородулиха ауданының төтенше жағдайлар бөлімінің бастығы.
II тоқсан
1. Бородулиха ауданы әкімінің жүктелген функциялар мен міндеттердің орындалуы туралы есебі.
Баяндамашы: Бичуинов Кинугул Кашкенович – Бородулиха ауданының әкімі.
2. Бородулиха ауданында нәтижелі жұмыспен қамтуды және жаппай кәсіпкерлікті дамытудың 2017 - 2021 жылдарға арналған «Еңбек» мемлекеттік бағдарламасын іске асыру туралы.
Баяндамашы: Жолдыбеков жарқын Оразғалиұлы - "ШҚО Бородулиха ауданының кәсіпкерлік бөлімі"ММ басшысы.
3. 2021 жылдың жазғы кезеңінде Бородулиха ауданының балаларының демалысын, сауықтырылуын және жұмыспен қамтылуын ұйымдастыру туралы.
Баяндамашы: Кукшебаева Найра Куттбаевна – «ШҚО Бородулиха ауданының білім бөлімі» ММ басшысы.
4. Өнеркәсіп, құрылыс, көлік, байланыс, кәсіпкерлік, заңдылық және құқық тәртібі мәселелері жөніндегі тұрақты комиссияның жұмысы туралы есеп.
Баяндамашы: Апенов Кималидин Сагалбаевич – депутат, тұрақты комиссияның төрағасы.
III тоқсан
1. 2021-2022 жылдардағы жылу беру маусымына тұрғын үй-коммуналдық қызметтерді, жылумен жабдықтаушы ұйымдарды, тұрғын үй қорын және әлеуметтік-мәдени маңызы бар объектілерді дайындау қорытындылары туралы.
Баяндамашы: Жаймұхамедов Талғат Махсатұлы - ШҚО Бородулиха ауданының ТКШ, жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары бөлімінің басшысы»
2. Аз қамтылған азаматтарды, көп балалы отбасыларды, мүмкіндігі шектеулі адамдарды әлеуметтік қолдау шаралары туралы.
Баяндамашы: Байболова Альмира Қадырбайқызы – Бородулиха ауданының жұмыспен қамту, әлеуметтік бағдарламалар және азаматтық хал актілерін тіркеу бөлімінің басшысы.
3. 1. Бородулиха ауданы бойынша мал шаруашылығы саласының жай-күйі мен даму перспективалары туралы.
Баяндамашы: Марат Аждарұлы Нұркешев - "ШҚО Бородулиха ауданының ауыл шаруашылығы бөлімі"ММ басшысы.
4. Агроөнеркәсіптік кешен, экология, қоршаған ортаны қорғау және табиғи ресурстарды ұтымды пайдалану мәселелері жөніндегі тұрақты комиссияның жұмысы туралы есеп.
Баяндамашы: Быков Сергей Николаевич – депутат, тұрақты комиссияның төрағасы.
IV тоқсан
1. 2022-2024 жылдарға арналған аудандық бюджет туралы.
Баяндамашы: Жемагулов Арман Серканович – «ШҚО Бородулиха ауданының экономика және бюджеттік жоспарлау бөлімі» ММ басшысы.
2. Бородулиха аудандық мәслихат хатшысының есебі.
Баяндамашы: Майжанов Уәлихан Төкенұлы - аудандық мәслихаттың хатшысы.
3. Ауданның жергілікті атқарушы органдарының сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл бойынша бағдарламалық құжаттарды іске асыру және сыбайлас жемқорлыққа қарсы заңнаманың орындалуы жөніндегі қызметі туралы.
Баяндамашы: Шалғынбаев Темірлан Берікболұлы - "ШҚО Бородулиха ауданы әкімінің аппараты"ММ заң бөлімінің басшысы.
4. Бородулиха аудандық мәслихатының 2022 жылға арналған жұмыс жоспарын бекіту туралы.
5. Депутаттық өкілеттік пен этика, білім беру, денсаулық сақтау, жастар, әлеуметтік-мәдени даму, бюджет және бюджеттік жоспарлау мәселелері жөніндегі тұрақты комиссияның жұмысы туралы есеп.
Баяндамашы: Ежова Валентина Михайловна-депутат, тұрақты комиссияның төрағасы. |