Комиссии маслихата

Шығыс Қазақстан облысы Бородулиха аудандық мәслихатының VII шақырылған тұрақты комиссиялары

 

Аудандық мәслихат өз өкілеттігі мерзіміне мәслихаттың қарауына жататын мәселелерді алдын ала қарау және дайындау, оның шешімдерін, Қазақстан Республикасының заңнамалық актілерін жүзеге асыруға жәрдемдесу, өз құзыреті шегінде бақылау функцияларын жүзеге асыру үшін тұрақты комиссиялар құрады.

Тұрақты комиссиялар мен олардың төрағаларын мәслихат өз депутаттарының арасынан сайлайды.

Неғұрлым маңызды және қоғамдық маңызы бар мәселелерді талқылау мақсатында депутаттардың, атқарушы органдардың, ұйымдардың, бұқаралық ақпарат құралдарының және азаматтардың қатысуымен тұрақты комиссияларда жария тыңдаулар өткізіледі. Бұдан басқа, комиссиялар мәслихат шешімдерінің, қабылданған бағдарламалардың және мемлекеттік билік пен басқару органдарының басқа да актілерінің орындалуына бақылауды жүзеге асырады. Тұрақты комиссиялар өздерін сайлаған мәслихат алдында жауапты және жылына кемінде бір рет өз қызметі туралы есеп береді.

2021 жылғы 14 қаңтарда Шығыс Қазақстан облысы Бородулиха аудандық мәслихатының жетінші шақырылымының бірінші сессиясында сессиялардың қарауына енгізілетін мәселелерді алдын ала қарау, мәслихат шешімдерін іске асыруға жәрдемдесу және мәслихатта бақылау функцияларын жүзеге асыру үшін үш тұрақты комиссия сайланды:

1) депутаттық өкілеттік пен этика, білім беру, денсаулық сақтау, жастар, әлеуметтік-мәдени даму, бюджет және бюджеттік жоспарлау мәселелері бойынша:

Комиссия төрағасы:

Виктория Анатольевна Мокроусова - Бородулиха аудандық мәслихатының депутаты.

Комиссия мүшелері:

Умуд Муса-оғлы Эфендиев - Бородулиха аудандық мәслихатының депутаты.

Виталий Сергеевич Лагус - Бородулиха аудандық мәслихатының депутаты.

Алтай Мұхаметкәрімұлы - Бородулиха аудандық мәслихатының депутаты.

2) өнеркәсіпті, құрылысты, көлікті, байланысты, кәсіпкерлікті, заңдылық пен құқық тәртібін дамыту мәселелері бойынша:

Комиссия төрағасы:

Кималидин Әпенов Сағалбайұлы - Бородулиха аудандық мәслихатының депутаты.

Комиссия мүшелері:

Вера Иосифовна Балтабаева - Бородулиха аудандық мәслихатының депутаты.

Айтуған Ғабдулғазизұлы Құдышев - Бородулиха аудандық мәслихатының депутаты.

Мейз Тоқановна Сиюндыкова - Бородулиха аудандық мәслихатының депутаты.

 

3) агроөнеркәсіптік кешен, экология, қоршаған ортаны қорғау және табиғи ресурстарды ұтымды пайдалану мәселелері бойынша:

Комиссия төрағасы:

Юрий Геннадьевич Ковязин -Бородулиха аудандық мәслихатының депутаты.

Комиссия мүшелері:

Азамат Жұмақанұлы Әубәкіров-Бородулиха аудандық мәслихатының депутаты.

Талғат Айтқазыұлы Оразаев -Бородулиха аудандық мәслихатының депутаты.

 


Маслихаттың шешiмi