Положение

«Шығыс Қазақстан облысы Бородулиха ауданының мәслихат аппараты» мемлекеттік мекемесі туралы ЕРЕЖЕ

«Шығыс Қазақстан облысы Бородулиха ауданының

мәслихат аппараты» мемлекеттік мекемесі туралы

ЕРЕЖЕ

 

Осы Ереже Қазақстан Республикасының Конституциясына, Қазақстан Республикасының Азаматтық Кодексіне, Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы № 148 «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Заңына, Қазақстан Республикасының мемлекеттік мекемелердің және мемлекеттік қызметкерлердің мемлекеттік өкілеттік міндеттері мен функцияларын іске асыруға бағытталған лауазымды өкілеттіктерін орындау жөніндегі қызметін реттейтін басқа да заң актілеріне сәйкес әзірленген.

 

1. Жалпы ережелер.

 

1.1 Шығыс Қазақстан облысы Бородулиха ауданының мәслихат аппараты (бұдан әрі – аппарат)мемлекеттік мекеменің ұйымдастырушылық-құқықтық нысанындағы коммерциялық емес ұйым болып табылады.

1.2 «Шығыс Қазақстан облысы Бородулиха ауданының мәслихат аппараты» мемлекеттік мекемесінің құрылтайшысы Бородулиха аудандық мәслихаты болып табылады.

1.3 Аппарат өз қызметін Қазақстан Республикасының Конституциясына, Қазақстан Республикасының Азаматтық Кодексіне, Қазақстан Республикасының «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлкеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы», «Мемлекеттік қызмет туралы» Заңдарына, Қазақстан Республикасының басқа да заң актілеріне және осы Ережеге сәйкес жүзеге асырылады.

1.4 Мәслихаттың аппаратын басқарушы мемлекеттік орган, сондай-ақ, оған қатысты мемлекеттік меншік субъект құқығын іске асырушы (әрі қарай – уәкілетті орган) Бородулиха аудандық мәслихаты болып табылады.

1.5 Мәслихаттың аппараты туралы Ережені, заңдармен белгіленген штаттық лимит саны және қаражат шегінде оның құрылымын, оны ұстауға және материалдық-техникалық жағдайын қамтамасыз ету шығындарын Бородулиха аудандық мәслихаты бекітеді.

1.6 аудандық мәслихаттың хатшысы мәслихат аппаратының қызметіне басшылық жасайды, оның қызметкерлерін қызметке тағайындайды және қызметтен босатады.

1.7 Толық атауы: «Шығыс Қазақстан облысы Бородулиха ауданының мәслихат аппараты» мемлекеттік мекемесі, орыс тілінде: государственное

учреждение «Аппарат маслихата Бородулихинского района Восточно-Казахстанской области».

1.8 Мемлекеттік мекеменің мекен-жайы: 070400 Шығыс Қазақстан облысы, Бородулиха ауданы, Бородулиха ауылы, Тәуелсіздік көшесі,69.

 

2. Заңды мәртебесі

 

2.1 Мәслихат аппараты мемлекеттік тіркелген сәттен бастап заңды тұлғаның құқығына ие болады. Мәслихат аппаратының қызметі үзіліссіз жүзеге асырылады.

2.2 Аппараттың қызметін қаржыландыру облыстық бюджеттен жүзеге асырылады. Аппарат бухгалтерлік есеп жүргізеді және заңнамаларға сәйкес есеп береді.

2.3 Аппараттың қаржы шаруашылық қызметін тексеруді және тексеріс жүргізуді заңдарға белгіленген тәртіппен уәкілетті орган жүзеге асырады.

2.4 Аппараттың оралымды басқару құқына берілген мүлкі бар, мүліктік және жеке мүліктік емес құқықтар мен міндеттер ала алады және жүзеге асырады, сотта қуынушы және жауапкер бола алады, заңдарға сәйкес өзінің жеке балансы, банктерде шоттары, мемлекеттік және орыс тілдерінде өзінің атауы мен бланктері, мөрі және мөр табаны болады.

2.5 Аппарат белгіленген тәртіппен мемлекеттік меншікке иелік ету, пайдалану, билік ету құқығы берілген мекемелерді қоспағанда басқа заңды тұлға, сондай-ақ, басқа заңды тұлғаның құрылтайшысы (қатысушысы) бола алмайды.

2.6 Аппарат өз міндеттері бойынша өзінің билігіндегі қаражатқа жауап береді. Мекеме қаражат жеткіліксіз болған жағдайда оның міндеттемелері бойынша Қазақстан Республикасының Үкіметі немесе жергілікті атқарушы орган жауапкершілікте болады.

2.7 Аппарат жасасатын азаматтық құқықтық мәмілелер Қазақстан Республикасының Үкіметі белгілеген тәртіппен тіркеуден өтеді. Шарттық міндеттемелер бойынша мемлекеттік мекеменің жауапкершілігі мекемені ұстауға арналып бекітілген сметаның шегінде болады.

 

3. Аппараттың негізгі міндеттері, функциялары мен құқықтары

 

3.1 Мәслихат аппаратының негізгі міндеттері:

1) жергілікті мемлекеттік басқару және мемлекеттік қызмет саласында біртұтас мемлекеттік саясатты іске асыру;

2) мәслихатты және оның органдарын ұйымдастыру, құқықтық, материалдық-техникалық және басқа да жағдайын қамтамасыз етуді жүзеге асыру:

3) депутаттарға олардың өкілеттіліктерін жүзеге асыруға көмек көрсету;

4) Республиканың заңдарына сәйкес азаматтардың құқығын және заңды мүддесін қамтамасыз ету бойынша басқа да өкілеттіктерді жүзеге асыру.

3.2 Аппарат өзіне жүктелген міндеттеріне сәйкес, заңдар мен белгіленген тәртіпте мына функцияларды жүзеге асырады:

1) сессияны дайындап, оны жүргізудің ұйымдастыру-техникалық шараларын жүзеге асырады;

2) пленарлық мәжілістерге, тұрақты комиссия мәжілістеріне қатысады және шешім жобаларын, комиссия қорытындылары мен мәслихат шешімдерін сапалы дайындау мәселелерінде депутаттарға көмек көрсетеді;

3) сессиялардың хаттамаларын рәсімдейді;

4) «Нормативтік құқықтық актілер туралы» Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес мәслихаттың нормативтік құқықтық сипаттағы шешімдерін Шығыс Қазақстан облысының әділет басқармасында мемлекеттік тіркеуге рәсімдеп ұсынады;

5) мәслихат шешімдерін бұқаралық құралдарына жариялауға дайындайды, олардың жариялауына бақылау жасайды;

6) іс қағаздарын жүргізеді және мәслихатқа келіп түскен хат-хабар алмасуды өңдейді, Қазақстан Республикасының «Әкімшілік рәсімдер туралы» Заңының талаптарына сәйкес ақапарат алмасуды қамтамасыз етеді;

7) мәслихат аппаратының мемлекеттік қызметкерлерінің біліктілігін көтеруді ұйымдастырады.

3.3 Аппараттың міндеттерін және өзіне жүктелген функцияларын жүзеге асыруда заңмен белгіленген тәртіпте төмендегідей құқықтары бар:

1) мемлекеттік органдардан және басқарушы лауазымды адамдардан өзінің міндеттері мен функцияларын іске асыруға қажетті ақпараттарды сұрастыру және алу;

2) Республиканың заңдарымен белгіленген тәртіпке сәйкес басқа да құқықтарын жүзеге асыру.

 

4. Аппараттың қызметін ұйымдастыру

 

4.1 Аппаратты жалпы басқаруды Бородулиха аудандық мәслихаты жүзеге асырады.

4.2 Бородулиха аудандық мәслихаты заңдармен белгіленген тәртіппен мына функцияларды жүзеге асырады:

1) аппаратқа мүліктер бекітіп береді;

2) аппарат туралы Ереже бекітеді, Ережеге өзгерістер мен толықтырулар енгізеді;

3) заңдармен белгіленген лимит саны шегінде мәслихат хатшысы тағайындаған аппарат құрылымын бекітеді;

4) заңдармен белгіленген қаражат лимиті шегінде аппаратты ұстауға және материалдық-техникалық жағдайын қамтамасыз етуге шығындарды айқындайды.

4.3 Бородулиха аудандық мәслихатының хатшысы аппарат қызметіне басшылық жасайды, оның қызметкерлерін қызметке тағайындайды және қызметтен босатады.

4.4 Аппараттың хатшысы заңдарда белгіленген тәртіппен аппараттың қызметін жүзеге асыру кезінде:

1) Бородулиха аудандық мәслихаты аппаратының атынан сенімхатсыз іс-әрекет етеді;

2) барлық ұйымдарға аппараттың мүдделерін білдіреді;

3) заңдарда белгіленген жағдайларда және шектерде мүлікке билік етеді;

4) шарттар жасасады;

5) сенімхаттар береді;

6) банктік шоттар ашады;

7) заңдар мен Ережеде жүктелген басқа да функцияларды жүзеге асырады.

 

5. Аппараттың мүлкі

 

5.1 Аппараттың мүлкі оған мемлекеттің мүліктік есебінен қалыптастырады және негізгі қорлар мен айналымдық қаражаттан, сондай-ақ құны аппараттың балансында көрсетілетін өзге де мүліктен тұрады.

5.2 Аппараттың мүлкі оған жедел басқару құқығында тиесілі мемлекеттік мешікке жатады.

5.3 Аппарат өзіне бекітіліп берілген мүлікті және оған бөлінген смета бойынша қаржы есебінен сатып алған мүлікті өздігінен беруге немесе басқадай жолмен билік жасауға құқылы емес.

 

6. Аппаратты қайта ұйымдастыру және тарату

 

6.1 Аппаратты қайта ұйымдастыру және тарату Қазақстан Республикасының заңнамаларына сәйкес жүзеге асырылады.

 


Маслихаттың шешiмi