Структура аппарата

Мәслихат аппараты

Альфия Хайроллақызы Нигматзанова - Бородулиха аудандық мәслихат аппаратының басшысы.

1977 жылы 12 қаңтарда Семей облысы Бородулиха ауданы Ремки ауылында дүниеге келген, қазақ. Білімі жоғары, "Қайнар" университетін заңтану мамандығы бойынша бітірді.

1996 жылдың  қараша айынан 2003 жылдың маусым айына дейін  Бородулиха аудандық ауруханасында, Бородулиха санитарлық-эпидемиологиялық станциясында медициналық статистик болып істеді.

2003 жылдың маусым айынан 2004 жылдың желтоқсан айына дейін ШҚО Бородулиха ауданының мониторинг және ақпараттық қамтамасыз ету Басқармасының мемлекеттік санитарлық-эпидемиологиялық қадағалаудың бас маманы болып істеді.

2005 жылдың қаңтар айынан 2008 жылдың наурыз айына дейін ШҚО МСЭҚД Бородулиха ауданы бойынша мониторинг және статистика мемлекеттік санитарлық-эпидемиологиялық басқармада  жетекші маман болып жұмыс істеді.

2008 жылдың наурыз айынан 2008 жылдың қыркүйек айына дейін ШҚО Бородулиха ауданының " Уба-Форпост ауылдық округ әкімінің аппараты" ММ бас маман болып жұмыс істеді.

2008 жылдың қыркүйек айынан 2011 жылдың шілде айына дейін " ШҚО Бородулиха ауданы әкімінің аппараты " ММ кеңсе бөлімінің бас маманы болып жұмыс істеді.

2011 жылдың шілде айынан 2011 жылдың тамыз айына дейін ШҚО Бородулиха ауданының " Жезкент кенттік округ аппараты " ММ бас маманы болып жұмыс істеді.

2011 жылдың тамыз айынан 2013 жылдың қараша айына дейін "ШҚО Бородулиха ауданы әкімінің аппараты " ММ кеңсе бөлімінің бас маманы болып жұмыс істеді.

2013 жылдың қараша айынан 2016 жылдың қазан айына дейін " ШҚО Бородулиха ауданы әкімінің аппараты" ММ персоналды басқару бөлімінің (кадр қызметі) басшысының қызметін атқарды.

2016 жылы 14 қазанда ШҚО Бородулиха аудандық мәслихатының аппарат басшысы болып тағайындалды.

Тұрмыс құрмаған, ұл бала тәрбиелеуде.

Жұмыс секторы: аудандық мәслихат аппаратының қызметін ұйымдастырады, аудандық мәслихат хатшысының тапсырмалары мен өкімдерінің уақытылы орындалуына бақылау жасайды, аудандық мәслихат қызметкерлерінің қызметін үйлестіреді, олардың қызметтік нұсқаулықтарының орындалуын бақылайды.

Ибраева Гүлжан Тюлегенқызы – Бородулиха аудандық мәслихат аппаратының кадрлық және ұйымдастырушылық - құқықтық жұмыс бөлімінің басшысы.

1983 жылғы 9 сәуірде Семей облысы Бородулиха ауданы Бородулиха ауылында дүниеге келген, қазақ. Білімі жоғары, 2004 жылы Қазақ мемлекеттік заң академиясын заңтану мамандығы бойынша бітірді.

2005 жылы ШҚО Әділет департаменті Бородулиха ауданының әділет басқармасының маман қызметіне қабылданды.

2007 жылдың шілде айынан бастап ШҚО Әділет басқармасының бас маманы лауазымына тағайындалды.

2015жылдың қаңтар айынан бастап "ШҚО Бородулиха ауданының жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі" ММ бас маманы болып 2017 жылдың қыркүйек айына дейін жұмыс істеді.

2017 жылдың 2 қазан айынын бастап ШҚО Бородулиха аудандық мәслихатының аппараты ұйымдастыру-кадрлық және құқықтық жұмыс бөлімінің басшысы қызметіне тағайындалды.

Тұрмыста, 2 бала тәрбиелеп отыр.

Жұмыс секторы: іс қағаздар жүргізу мәселелеріне басшылық жасайды, аудандық мәслихаттың сессияларын өткізу мен дайындық жөніндегі ұйымдық-техникалық іс-шаралармен басшылықты жүзеге асырады, тұрақты комиссиялардың отырыстарына қатысады,  мәслихаттың тұрақты комиссияларының қорытынды шешімдерінің жобаларын, қаулыларын даярлау мәселелері бойынша депутаттарға көмек көрсетеді.

Әлия Ибрайханқызы Акимбаева – Бородулиха аудандық мәслихат аппаратының ұйымдастыру-кадрлар және құқықтық жұмыстар бөлімінің бас маманы.

1989 жылы 4 қарашада Семей облысы Бородулиха ауданы Новошульба ауылында дүниеге келген, қазақ. Білімі жоғары.

2016 жылы Алматы экономика және статистика академиясын  есеп және аудит мамандығы бойынша бітірді.

2013 жылдың қараша айынан 2014 жылдың наурыз  айына дейін Бородулиха ауданының «Переменовка орта мектебі» КММ бас бухгалтер болып жұмыс істеді.

2014 жылдың сәуірінен қыркүйек айына дейін "Бородулиха орталық ауруханасында" ШЖҚ МКК мемлекеттік сатып алу бойынша бухгалтер болып жұмыс істеді.

2016 жылдың сәуірінен тамыз айына дейін Бородулиха аудандық мәслихатында бухгалтер болып жұмыс істеді.

2016 жылы 16 тамызда «ШҚО Бородулиха ауданының мәслихат аппараты» ММ ұйымдастыру-кадрлар және құқықтық жұмыстар бөлімінің бас маманы болып тағайындалды.

Тұрмыста, екі бала тәрбиелеп отыр.

Жұмыс секторы: аудандық мәслихаттың  қаржы қызметін қамтамасыз етеді, тауар, қызмет және қызмет көрсету бойынша  мемлекеттік сатып алуды ұйымдастыру және өткізу, оларды веб-порталға орналастыру. Кредитор және дебиторлармен есептесу бойынша бақылауды жүзеге асыру. тауарлы-материалдық құндылықтардың қозғалысына және олардың құжаттарының дұрыстылығына бақылау жасайды.

Полина Иосифовна Топатаева – Бородулиха аудандық мәслихат аппаратының ұйымдастыру-кадрлар және құқықтық жұмыстар бөлімінің бас  маманы.

1994 жылдың 25 маусым айында ШҚО Бородулиха ауданы  Бородулиха ауылында дүниеге келген, неміс. Білімі жоғары,  2015 жылы Шәкәрім атындағы Семей мемлекеттік университетін заңтану мамандығы бойынша  бітірді.

2016 жылдың тамыз айынан қазан айына дейін  ШҚО Бородулиха аудандық мәслихатының хатшы-машинисті болып жұмыс істеді.

2016 жылдың 20 қазан айынан 2018 жылдың 9 сәуір айына дейін Бородулиха аудандық мәслихат аппаратының ұйымдастыру-кадрлар және құқықтық жұмыстар бөлімінің жетекші  маманы болып жұмыс істеді.

2018 жылдың 9 сәуір айынан бастап Бородулиха аудандық мәслихат аппаратының ұйымдастыру-кадрлар және құқықтық жұмыстар бөлімінің бас  маманы болып тағайындалды.

Тұрмыста, бір ұл тәрбиелеп отыр.

Жұмыс секторы: Кадр мәселелері бойынша құжаттарды дайындау және орындауды ұйымдастырады, оқыту, қайта даярлау және аппараттағы мемлекеттік қызметкерлердің біліктілігін арттырумен айналысады,   аттестаттау, конкурстық, тәртіптік комиссия отырыстарын және аппараттағы мемлекеттік қызметкерлердің жыл сайынғы қызмет бағалауын өткізеді. Қызметкерлердің жеке ісін, комиссия отырысының хаттамасын жүргізеді. Мемлекеттік қызметте болуына байланысты шектеулерді сақтауды бақылайды.

Алинура Қайратбекқызы Олжаева - аудандық мәслихаттың мұрағатшысы.

1993 жылы  11 тамызда  ШҚО Аягөз қаласында дүниеге келген, қазақ. Білімі орта кәсіптік. Еуразиялық техникалық және гуманитарлық колледжін  жол қозғалысын ұйымдастыру мамандығы бойынша бітірді.

2016 жылдың қаңтар айынан бастап  аудандық мәслихаттың мұрағатшысы болып қабылданды.

Тұрмыста.

Жұмыс сектор: ұйымның мұрағаттық жұмысын жүзеге асырады, аудандық мәслихаттың сессияларын дайындау және хаттамаларды рәсімдеумен айналысады, аудандық мәслихат сессиясының жұмысын жазбаға түсіреді. Мәслихаттың істер номенклатурасын жасайды, мұрағатқа құжаттарды өткізу, өңдеу жұмыстарын қамтамасыз етеді.

 

Ерболат Бүлдірген –  аудандық мәслихат аппаратының аудармашы редакторы.

1995 жылы 15 қарашада Маңғолия Республикасы “Бай өлке” аймағында дүниеге келген, қазақ. 2005 жылы Қазақстан Республикасы ШҚО Семей қаласына көшіп келген. Білімі орта кәсіптік, 2017 жылы Семей көпсалалы колледжін «Қазақ тілі мен әдебиеті пәнінің мұғалімі» мамандығы бойынша бітірген.

2018 жылдың 5 сәуірінен бастап Бородулиха аудандық мәслихатының аудармашы редакторы болып қабылданды.

Тұрмыс құрмаған.

Жұмыс секторы: аудандық мәслихаттың сайтына, аудандық газетке орналастырылатын құжаттардың  және аудандық мәслихат сессиясы құжаттарының грамматикалық, лексикалық, стильдік және мағыналық тұрғыда  дәлме-дәл сәйкестендіріліп аударылуын қамтамасыз етеді, БАҚ жарияланатын аудандық мәслихаттың жұмысы туралы материалдарды тігумен айналысады.

 

Гульзам Фиргатқызы Шепель – Бородулиха аудандық мәслихаты басшысының хатшысы.

1997 жылы 19 қыркүйекте ШҚО Бородулиха ауданы Бородулиха ауылында туған, орыс.

Білімі –  орта-кәсіптік, 2017 жылы М.О. Әуезов атындағы педагогикалық колледжін "Тәрбие жұмысын ұйымдастыру" мамандығы бойынша бітірген.

2018 жылғы 10 қыркүйектен бастап Бородулиха аудандық мәслихаты басшысының хатшысы қызметіне қабылданды.

Тұрмыс құрмаған.

Жұмыс секторы: хат-хабарларды қабылдайды және тіркейді, оны орындаушыларға жолдайды. Аудандық мәслихат хатшысының, аппарат басшысының бұрыштамасына сәйкес құжаттарды орындауға береді. Орындалған құжаттарды алушыларға жібереді. Қызметтік құжаттаманың сақталуын қамтамасыз етеді.